«Еңбекпен ескерілген есім»
№6 кітапхана кітапхананың тұрақты оқырмандар арасында күріш өсірудің әйгілі шебері, екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Ыбырай Жақаевтың туғанына 135 жыл толуына орай «Еңбекпен ескерілген есім» атты тақырыптық кеш өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – жастарға еңбекқорлықтың, адал еңбектің қадірін түсіндіру, Ыбырай Жақаевтың өнегелі өмір жолы мен ел дамуына қосқан зор үлесін насихаттау.
Кеш барысында Ыбырай Жақаевтың өмірі мен еңбек жолы туралы мәліметтер айтылып, кітап көрмесі ұйымдастырылды. Сонымен қатар қатысушыларға оның қанатты сөздері таныстырылып, еңбек адамын дәріптейтін өлеңдер оқылып, танымдық әңгімелер жүргізілді.
Шара соңында қатысушылар Ыбырай Жақаевтың өмірі мен еңбегінен тағылым алып, адал еңбек пен жауапкершіліктің қоғамдағы маңызы туралы өз ойларымен бөлісті.