«Жастар есірткіге қарсы»

 №6 кітапхана 26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай  И. Әбдікәримов атындағы Қызылорда политехникалық колледж студенттері арасында 
«Жастар есірткіге қарсы» атты ақпараттық кездесу-тренинг ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, есірткінің зияны туралы түсінік қалыптастыру және зиянды әдеттердің алдын алу.
 Кездесуге салауатты өмір салтын қалыптастыру маманы Махмутова Жамила шақырылып,  студенттерге есірткі заттарының адам ағзасына, психологиялық жағдайына және қоғамға тигізетін кері әсерлері туралы жан-жақты ақпарат берді. Сонымен қатар, жастардың құқықтық жауапкершілігі мен қауіпсіздігі мәселелері де түсіндірілді.
 Іс-шара барысында маман студенттердің белсенді қатысуымен тренинг өткізіп, түрлі сұрақ-жауап, пікір алмасу және топтық тапсырмалар ұйымдастырды. Тренинг жастардың өз ойларын ашық білдіруіне, өмірлік құндылықтарды бағалауына және дұрыс шешім қабылдау дағдыларын дамытуға мүмкіндік берді.

22 шілде 2026 ж. 9

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам