«Ұзақ өмір құпиялары»
2026 жылдың 22 шілдесінде № 16 қалалық кітапхананың ұйымдастыруымен «Ұзақ өмір құпиялары» атты - денсаулық сағаты өткізілді. Шараның мақсаты : Қатысушыларға салауатты өмір салтының маңызын түсіндіру, денсаулықты сақтау мен нығайтудың жолдарын насихаттау, дұрыс тамақтану, дене белсенділігі және зиянды әдеттерден аулақ болуға баулу арқылы денсаулыққа деген жауапкершілікті қалыптастыру.
«Іс-шара барысында дұрыс тамақтанудың, күн тәртібін сақтаудың, тұрақты дене белсенділігімен айналысудың, жеке бас тазалығын ұстанудың және зиянды әдеттерден аулақ болудың адам денсаулығына тигізетін оң әсері туралы кеңінен әңгімеленді. Сонымен қатар, адамның ұзақ әрі белсенді өмір сүруіне ықпал ететін пайдалы әдеттер, көтеріңкі көңіл күйдің, жеткілікті ұйқының және табиғат аясында серуендеудің маңызы түсіндірілді.







