«Дала академигінің өшпес өнегесі»

 №1 кітапханада Социалистік Еңбек Ері, ақ күріштің атасы Ы. Жақаевтың туғанына 135 жыл толуына орай «Дала академигінің өшпес өнегесі» атты өнеге сағаты болып өтті.
Іс-шараның мақсаты -  даңғайыр диқанның еңбектегі жемісті, жеңісті жолдарын оқырмандарға кеңінен насихаттау, жас ұрпақты еңбекқорлыққа, табандылыққа және туған жерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
 Шара барысында оқырмандарға өзінің өшпес тарихын кетпенмен, маңдай терімен жазған Ыбырай Жақаевтың өмірбаяны мен өнегелі еңбек жолы туралы жан-жақты мәлімет берілді. Сонымен бірге өз бақытын еңбектен тапқан дала академигінің есімі берілген нысандар туралы да айтылды.
 Шара соңында қатысушылар өз пікірлерін білдіріп, ақ күріштен тау тұрғызып, дүниежүзілік рекорд жасаған еңбек адамының өнегелі өмірі туралы ой бөлісті. Оқырмандар диқанның табандылығы мен адал еңбегі бүгінгі жас ұрпаққа үлгі-өнеге екенін атап өтті. 
27 шілде 2026 ж. 6

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам