Өнер еліне саяхат
А.С.Пушкин атындағы орталық кітапханада «Өнер еліне саяхат» циклі аясында қазақтың көрнекті опера әншісі, КСРО және Қазақстанның халық әртісі Ермек Бекмұхамедұлы Серкебаевтың туғанына 100 жыл толуына арналған «Өнер саңлағы – Ермек Серкебаев» атты көрмеге библиографиялық шолу өткізілді.
Іс-шара барысында оқырмандарға ұлы өнер қайраткерінің өмір жолы, шығармашылық мұрасы, қазақ опера өнерінің дамуына қосқан үлесі туралы жан-жақты мәлімет берілді. Көрмеге әншінің өмірі мен шығармашылығына арналған кітаптар, мерзімді басылымдар, естеліктер мен фотоматериалдар қойылды.
Көрменің мақсаты - Ермек Серкебаевтың бай шығармашылық мұрасын насихаттау, ұлттық өнерге деген құрметті арттыру, жас ұрпақтың рухани – эстетикалық тәрбиесіне ықпал ету және қазақ мәдениетінің көрнекті тұлғаларының еңбектерін дәріптеу.







