Жаралы жер, жазылған уақыт
№17 Қызылжарма ауылдық кітапханасында, Қызылжарма мәдениет үйінінің қызметкерлері мен ауыл тұрғындарының қатысуымен Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына 35 жыл толуына орай, «Жаралы жер, жазылған уақыт» атты библиографиялық шолу өтті.
Іс-шараның мақсаты – оқырмандарға Семей ядролық полигонының тарихы туралы, оның адам денсаулығына, қоршаған ортаға және ел тағдырына тигізген зардаптары туралы жан-жақты мәлімет беру, ядролық қаруға қарсы көзқарасты қалыптастыру және бейбітшіліктің қадірін ұғындыру.Библиографиялық шолу барысында Семей полигонында жүргізілген ядролық сынақтардың ауыр салдары және Қазақстанның ядролық қарусыздану жолындағы тарихи қадамы, сонымен қатар 1991 жылғы 29 тамызда Семей ядролық сынақ полигонының жабылуы туралы кеңінен айтылды. Оқырмандарға ядролық сынақтардың зардабын зерттеген ғалымдардың еңбектері, тақырыпқа арналған кітаптар, мерзімді басылымдарға жарияланған материалдар таныстырылды. Оқырмандар тақырып төңірегінде өз пікірлерін білдіріп, ел тарихындағы бұл маңызды оқиғадан тағылым алды. Іс-шара соңында кітап көрмесіндегі, белгілі жазушы,Семей полигонының зардабын шегуші,сол кездегі шерлі оқиғалардың куәгері болған, ядролық жарыс астында 37жыл 2 ай уақытын өткізген, әсіресе полигон зардабынан тап болған ауыр дерттен дәрігерлер жәрдемімен сауыққанМедеу Сәрсекенің "Семей қасіреті" кітабыоқырмандардың ерекше сұранысына ие болды.Қаламгер бұл кітапта халықтың 40 жылдан астам уақыт Семей ядролық полигонынан қалай зардап шеккені туралы баяндалған.Бұл шара бейбіт өмірдің құндылығын терең сезінуге ықпал етті.







