» » Қазақ әдебиетінің абызы-Қабдеш Жұмаділов

Қазақ әдебиетінің абызы-Қабдеш Жұмаділов

  Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №12 кітапхана қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, Қазақстанның Халық жазушысы Қабдеш Жұмаділовтің шығармашылығына арналған «Қазақ әдебиетінің абызы-Қабдеш Жұмаділов» атты танымдық сағат өткізілді. Іс-шара барысында оқырмандар жазушының өмірі мен шығармашылық жолымен танысып, қазақ тарихы мен ұлттық рухты арқау еткен шығармалары туралы кеңінен мәлімет алды. «Көкейкесті», «Атамекен», «Саржайлау», «Сәйгүліктер» және басқа да құнды туындылары таныстырылып, шығармаларынан үзінділер оқылып, пікір алмасу ұйымдастырылды.
Мақсаты:Ұлттық әдебиетке қызығушылықты арттыру, жазушы мұрасының маңызын кеңінен таныту және оқырмандарға рухани өрісін байыту.
  Қабдеш Жұмаділовтің қазақ әдебиетіне қосқан өлшеусіз үлесі, тарихи тақырыптарды көркем бейнелеудегі шеберлігі және ұлттық құндылықтарды дәріптеудегі орны кеңінен насихатталды.
29 шілде 2026 ж. 35

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам