Тұңғыш қазақ ғарышкері
А.С.Пушкин атындағы орталық кітапханада Қазақстанның тұңғыш ғарышкері, Кеңес Одағының Батыры, Қазақстанның Халық Қаһарманы Тоқтар Әубәкіровтің 80 жылдық мерейтойына орай «Тұңғыш қазақ ғарышкері» атты библиографиялық шолу өткізілді.
Шара барысында оқырмандарға Т.Әубәкіровтің өмір жолы, ғарыш саласындағы тарихи жетістіктері, еліміздің ғарыш ғылымының дамуына қосқан зор үлесі туралы жан- жақты мәлімет берілді. Сонымен қатар ғарышкердің өмірі мен еңбегінеарналған кітаптар, мерзімді басылымдардағы мақалалар таныстырылып, әдебиеттерге библиографиялық шолу жасалды.
Шараның мақсаты – жас ұрпаққа ел мақтанышы болған тұлғаның өнегелі өмірін насихаттау, отансүйгіштікке тәрбиелеу.







