Кітапхана –білім-ғылым ордасы
№5 кітапханада «Кітапхана –білім-ғылым ордасы» атты ашық есік күні өткізіліп, мектеп жанындағы жазғы тынығу лагері балалары кітапхананы пайдалану ережесімен қатар өздерінің құқықтары мен міндеттерімен танысты. Кітапхананың бай кітап қорымен, «абонемент» бөлімі мен оқу залы жұмысымен кеңінен танысты. Балаларға арналған ертегі, көркем әдебиеттермен қатар қызықты анықтамалықтар мен энциклопедиялар балалар оқуына ұсынылды.








