Абайдың қара сөзі-тәрбие көзі

  Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №12 кітапхана «Абайдың қара сөзі-тәрбие  көзі»  әдеби сағатын  өтті. Абай Құнанбайұлы – қазақ халқының рухани шамшырағы, ұлы ақын, ойшыл, ағартушы. Оның қара сөздері мен өлеңдері ғасырлар өтсе де өз құндылығын жоғалтқан жоқ. Абайдың әрбір сөзі – білімге, еңбекке, адамгершілікке, әділдікке үндейтін өмірлік бағдар.
   Бүгінгі ұрпақ үшін Абай мұрасы – ұлттық тәрбиенің, рухани жаңғырудың және саналы өмір сүрудің қайнар көзі. Ұлы ақынның  «Қара сөздері» , «Ғылым таппай мақтанба», «Толық адам» ілімі жастарды ізденіске, білімге және елге адал қызмет етуге шақырады.
Абайдың үні – өткеннің ғана емес, бүгінгі және болашақ ұрпақтың да үні. Оның асыл мұрасын дәріптеу – әрбір қазақстандықтың парызы.
Мақсаты: Оқушыларға Абайдың қара сөздерін терең меңгерте отырып, тәрбиелік мәнін түсіндіру. Қара сөздер құдыретінің құндылығын оқушыларға жеткізе отырып, рухани азықты бойларына сіңіру.
Қатысқан адам саны-15
05 тамыз 2026 ж. 24

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам