Абай – дана, Абай – дара қазақта

   10 тамыз- Абай күні
   Абай Құнанбайұлының туғанына 181 жыл толуына орай, қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен Абай аллеясында «Абай – дана, Абай – дара қазақта» атты әдеби-сазды кеш өткізілді.
Шара аясында кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Абайдың сөзі – қазақтың бойтұмары» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге Абай Құнанбайұлының шығармалары, қара сөздері, ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы зерттеу еңбектері, әдеби-сын кітаптар қойылды. 
  Кітап көрмесі арқылы көпшілікке Абайдың мол әдеби мұрасы таныстырылып, ақын шығармаларын оқуға шақырылды. Көрме келушілердің қызығушылығын арттырып, ұлы ойшылдың рухани мұрасын кеңінен насихаттауға мүмкіндік берді.Әдеби-сазды кеш барысында «Көркем сөз оқу» үйірмесінің оқушылары ұлы ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқып, көрермендерге Абай шығармаларының терең мазмұны мен тағылымын жеткізді.
  Сонымен қатар, Абай күніне арналған викториналық сұрақ-жауап ұйымдастырылып, қала тұрғындары белсенді қатысып, өз білімдерін сынады. Белсенді қатысушыларға арнайы сыйлықтар табысталды. 
Кеш барысында Абайдың әндері шырқалып, ақынның рухани мұрасы мен өнегелі ойлары дәріптелді.
 
10 тамыз 2026 ж. 26

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам