Адамзаттың Абайы
«АДАМЗАТТЫҢ АБАЙЫ» КІТАП КӨРМЕСІ
10 тамыз – Абай күніне орай ашық аспан астында «Адамзаттың Абайы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, қала тұрғындарына насихатталды.
Кітап көрмесінде ұлы ақын, ойшыл, ағартушы Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығына арналған кітаптар, ақынның өлеңдері мен қара сөздері, сондай-ақ Абай мұрасын зерттеген әдебиеттер көпшілік назарына ұсынылды.
Көрменің басты мақсаты – Абайдың мол әдеби мұрасын кеңінен насихаттау, оқырмандардың ақын шығармашылығына деген қызығушылығын арттыру және ұлы ойшылдың тағылымды еңбектерін жас ұрпаққа дәріптеу.







