Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы,ерінбе!
10 тамыз – Қазақ халқының ұлы ақыны,ойшыл әрі ағартушы
Абай Құнанбайұлының туған күні – Абай күні ретінде аталып өтілуде. Бүгін Белкөл кенті №14 кітапханада “Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы,ерінбе!” атты танымдық шара өтті.Абай қазақтың рухани әлеміне өшпес із қалдырған ірі тұлға.Оның шығармалары халқымызды білімге, ғылымға, еңбекке үйретеді.
Шараға №189 мектептің оқушылары қатысты.Олар ақынның қара сөздері мен өлеңдерін жатқа айтты.







