Адамзаттың Абайы
10 тамыз – Абай күніне орай №13 балалар кітапханасында оқырмандардың қатысуымен «Адамзаттың Абайы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Кітап көрмесіне ұлы ақын, ойшыл, ағартушы Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығына арналған кітаптар, ақынның сырлы өлеңдері мен тағылымды қара сөздері, сондай-ақ Абай мұрасын зерттеген әдебиеттер қойылып, оқырмандар назарына ұсынылды.
Шара барысында №13 балалар кітапханасының оқырманы Бегалиева Гүлжанат Дүйсенбайқызы Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы мазмұнды әрі қызықты мағлұматтар айтып, ұлы ақынның рухани мұрасын кеңінен насихаттады. Оқырмандар Абайдың өнегелі ойлары мен шығармалары жайлы тың деректермен танысып, өзара пікір алмасты.
Кітап көрмесінің басты мақсаты – ұлы ақынның бай мұрасын насихаттау, оқырмандардың Абай шығармашылығына деген қызығушылығын арттыру, сондай-ақ ақынның тағылымды еңбектерін жас ұрпаққа дәріптеу.







