Абай тағылымы
№1 кітапхана 10 тамыз – Абай күніне орай қазақтың ұлы ақыны, қазақ жазба әдебиетінің және әдеби тілінің негізін қалаушы Абай Құнанбаевтың шығармаларын кеңінен насихаттау мақсатында «Абай тағылымы» атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Шара барысында оқырмандарға қазақтың бас ақынының ғасырлар бойы маңызын жоймайтын рухани мол мұрасы және оның шығармаларының зерттелу тарихы жайлы жарық көрген әдебиеттер мен мерзімді басылымдар таныстырылып, библиографиялық шолу жасалды.







