Абай – дана, Абай – дара қазақта

   «АБАЙ – ДАНА, АБАЙ – ДАРА ҚАЗАҚТА»
   10 тамыз – Абай күніне орай №3 кітапханада қазақтың ұлы ақыны, ойшыл, ағартушы Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылық мұрасын насихаттау мақсатында «Абай – дана, Абай – дара қазақта» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
   Кітап көрмесіне Абайдың өмірі мен шығармашылығына арналған әдебиеттер, ақынның өлеңдері, қара сөздері, аудармалары және Абай мұрасын зерттеген ғалымдардың еңбектері қойылды. Көрме барысында оқырмандарға ұлы ақынның шығармашылық жолы, философиялық ой-толғамдары мен адамгершілік қағидалары туралы мәліметтер берілді.
  Көрменің негізгі мақсаты – Абайдың рухани мұрасын кеңінен насихаттау, оқырмандардың ақын шығармашылығына деген қызығушылығын арттыру және ұлттық құндылықтарды дәріптеу.
  Абай мұрасы – ұлттың рухани қазынасы, ұрпаққа жол сілтер мәңгілік мұра.
 
10 тамыз 2026 ж. 27

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам