Қазақ күйінің қарлығашы – Дина Нұрпейісова
ҚАЗАҚ КҮЙІНІҢ ҚАРЛЫҒАШЫ – ДИНА НҰРПЕЙІСОВА
№12 кітапхана мен Қалалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының бірлесуімен «Zhazgy time» лагерінің жас бүлдіршіндеріне арналған танымдық әдеби дайджест өтті.
Қазақтың күй өнерінің көрнекті тұлғасы, күйші-композитор Дина Нұрпейісованың 165 жылдығына орай ұйымдастырылған шара «Қазақ күйінің қарлығашы – Дина Нұрпейісова» тақырыбына арналды.
Іс-шара барысында балалар Дина Нұрпейісованың өмірі мен шығармашылығымен танысып, оның қазақтың дәстүрлі күй өнерін дамытудағы өлшеусіз еңбегі туралы мағлұмат алды. Күйші мұрасы жайлы кітаптар мен әдебиеттер таныстырылып, ұлттық өнердің құндылығы кеңінен насихатталды.







