Бар жазғаны даналық болып саналған
Абай Құнанбайұлының рухани мұрасын насихаттау, жас ұрпаққа ұлы ақынның өнегелі ойларын таныстыру және кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында Ақжарма ауылдық № 9 кітапхананың ұйымдастыруымен 10 тамыз - Абай күніне орай «Бар жазғаны даналық болып саналған» атты әдеби оқу сайысы ұйымдастырылды. Сайыс екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезең «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» Абай өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқу, екінші кезең «Даналық сөздер дара жол» атты Абайдың қара сөздерін жатқа айту. Сайысқа №218 мектептің 4-6 сынып оқушылары қатысты.
Сайыс барысында қатысушылар Абайдың өлеңдері мен қара сөздерінен үзінділерді жатқа айтып, шығарманың мазмұнын, тәрбиелік мәнін ашуға тырысты. Абайдың қара сөздері – қазақ халқының рухани қазынасы. Ұлы ойшыл өз қара сөздерінде адамгершілік, білім мен ғылым, еңбек, мінез-құлық, әділет, ел бірлігі мен тәрбие мәселелерін терең қозғаған Әр қатысушының дауыс мәнері, сөзді анық әрі дұрыс жеткізуі, жатқа айту шеберлігі және сахна мәдениеті ескерілді.
Шара барысында «Адамзаттың Абайы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқырмандарға ақынның өмірі мен шығармашылық мұрасы туралы мәліметтер берілді.
Әдеби оқу сайысы қатысушылардың Абай шығармашылығына деген құрметін арттырып, ұлы ақынның тағылымды сөздерін күнделікті өмірде үлгі етуге бағыт берді.
Қорытынды:
Жеңімпазды анықтау барысында, қазылар алқасының шешімімен 1 орын 4 сынып оқушысы Мамыр Әмина ,2 орынды Бекпенбетоа Иманғали, 3 орынды Дарханқызы Инабат иеленді сайысқа қатысушылар алғыс хатпен марапатталды.
Абайдың қара сөздерінен тағылым алып, рухани білімдерін толықтырды. Абай мұрасын оқу – ұлттың рухани құндылықтарын дәріптеудің маңызды жолдарының бірі.







