Өмірді өлеңмен өрнектеген ақын
№12 кітапхана Ардагерлер үйінде қазақтың көрнекті ақыны, ән мәтіндерінің авторы Шөмішбай Сариевтің 80 жылдығына орай «Өмірді өлеңмен өрнектеген ақын» атты әдеби караоке өткізді.
Шараның мақсаты – ақынның шығармашылық мұрасын насихаттау, өлеңдері мен әндерін көпшілікке таныстыру, аға буын өкілдерінің әдебиетке және өнерге деген қызығушылығын арттыру.
Кездесу барысында қатысушыларға Шөмішбай Сариевтің өмірі мен шығармашылығы туралы кеңінен мәлімет беріліп, ақынның сырлы жырлары мен елге танымал әндері таныстырылды. Әдеби караоке барысында ардагерлер ақынның сөзіне жазылған әндерді бірге орындап, өздерінің өнерлерін ортаға салды.
Шара әсерлі әңгіме, ән мен жыр тоғысында өтіп, қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.







