Мықты болғың келсе…

    2026 жылдың 12 тамызында № 16 қалалық кітапхананың ұйымдастыруымен «Жазғы кітапхана» жобасы аясында «Номан ата» спорттық кешенінде «Мықты болғың келсе…»  атты спорттық ойындар өткізілді. 
    Шара барысында балалар мен жасөспірімдерге спорттық ойындардың адам денсаулығын нығайтып, дене күшін, ептілігін, жылдамдығын қалыптастыратынын, сондай-ақ рухани да дамитыны жайлы, спорттық ойындардың түрлері туралы мәліметтер беріліп, кітапхана қорындағы спорттық ойындар, спорт саласында үлкен жетістіктерге жеткен спорт шеберлері жайлы әдебиеттер насихатталды. Сонымен қатар, қатысушылар арқан тартысып , доппен жарысып, өздерінің ептіліктерін байқатты.
   Шараның мақсаты: Жас өспірімдерді спорттық ойындарға баулу, салауатты өмір салтын  ұстануға тәрбиелеу,  кітапхана қорындағы спорт жайлы әдебиеттерді насихаттау.
12 тамыз 2026 ж. 32

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам