Әжемнің әріптері
№2 балалар кітапханасы балалардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, көркем шығарманы тыңдау мәдениетін қалыптастыру, мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту мақсатында «Әжемнің әріптері» тақырыбында дауыстап оқу ұйымдастырды.
Шара барысында кітапханашы жергілікті ақын Нұрқан Жанаевтың балаларға арналған «Тігінші кірпі» ертегісін оқырмандарға мәнерлеп оқып берді. Қызықты оқиғаға құрылған ертегіні балалар ынта қойып тыңдап, кейіпкерлер әлеміне қызығушылықпен бойлады.
Кітаппен жақын танысып, ертегі арқылы ой-қиялын дамытуға мүмкіндік алған бүлдіршіндер үшін тағылымды шара ерекше әсерлі өтті.








