Туындыға жан бітірген суреткер
№2 балалар кітапханасында қазақ бейнелеу өнерінің көрнекті өкілі, белгілі суретші Сахи Романовтың 100 жылдығына орай «Туындыға жан бітірген суреткер» атты шығармашылық сайыс өтті.
Шараның мақсаты – жас оқырмандардың бейнелеу өнеріне қызығушылығын арттыру, қиялы мен шығармашылық қабілетін дамыту, өнерді сүюге және әсемдікті бағалай білуге тәрбиелеу.
Сайыс барысында жас суретшілер өз қиялындағы түрлі көріністерді қағаз бетіне түсіріп, бояулар арқылы ойы мен сезімін жеткізуге тырысты. Әр жұмыстан балғын қиял мен өзіндік ізденіс, өнерге деген қызығушылық байқалды. Қатысушылар шығармашылық шабытпен жұмыс жасап, өз қабілеттерін еркін таныта білді.







