Спорт – ел еңсесі, мемлекет мерейі

  №3 кітапхана «Батыр» спорт үйірмесінің қатысушылары арасында «Спорт – ел еңсесі, мемлекет мерейі» атты спорттық ойындар ұйымдастырды.
   Шараның мақсаты – өскелең ұрпақ арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, ұлттық ойындарға деген қызығушылықты арттыру және бос уақытты тиімді ұйымдастыру.
   Жарыс барысында жас спортшылар ұлттық ойындардан өзара бақ сынасып, ептілік пен шапшаңдығын, күш-жігері мен ұйымшылдығын көрсетті. Әр кезеңде белсенділік танытқан қатысушылар спортқа деген ынталарын арттырып, ұлттық ойындардың тәрбиелік мәнін тереңірек сезінді.
   Спорт – денсаулық кепілі ғана емес, жігер мен рухты шыңдайтын, достық пен бірлікті нығайтатын ұлы күш. Жастардың спортқа қызығушылығын арттыру – ел болашағының жарқын кепілі!
 
20 тамыз 2026 ж. 29

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам