Ғаламтордың шырмауы
№19 кітапханада Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті студенттерінің қатысуымен «Ғаламтордың шырмауы» атты дебат болып өтті.
Жастардың уақытын тиімді пайдаланып, ғаламтордың мүмкіндіктерін орынды қолдануы – бүгінгі қоғамның маңызды мәселелерінің бірі. Осы орайда ұйымдастырылған шараның мақсаты – жастарға зиянды әдеттердің алдын алу, ғаламтордың пайдасы мен зиянын саралай білуге бағыттау және белсенді азаматтық ұстаным қалыптастыру.
Шара барысында қатысушылар ғаламтордың адам өміріндегі орнына жан-жақты тоқталып, оның пайдалы тұстары мен кері әсерлері жөнінде өз ойларын ортаға салды. Қызу пікірталас арқылы жастар өз білімдерін сынап, ұтымды дәлелдері мен тапқырлықтарын таныта білді.
Дебат қорытындысында «IQ NOMAD» және «ЧОҢ БАЛДАР» командалары өз білімдері мен белсенділіктерін жоғары деңгейде көрсетті. Саналы ұрпақ – сапалы болашақтың кепілі.








