Құрылтай: халық үні және ел болашағы!
А.С.Пушкин атындағы орталық кітапханада «Құрылтай: халық үні және ел болашағы!» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқырмандар назарына ұсынылды.
Шараның мақсаты - кітап сүйер қауымның рухани белсенділігін арттыру, кітап оқу мәдениетін дәріптеу.
Кітап көрмесін кітапханашы Молдасанова Күлзия Қуанышқызы таныстырып, Ұлттық құрылтай жайлы кеңінен ақпарат берді. Шараға Мамандырылған күзет қызмет басқармасының қызметкерлері қатысты.







