Қазақтың хан дойбысы – ақыл мен зерденің ойыны
№15 кітапхана салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында №2 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында «Қазақтың хан дойбысы – ақыл мен зерденің ойыны» атты танымдық сағат өтті.
Шара барысында қатысушыларға қазақтың ұлттық ойындары туралы кеңінен мағлұмат беріліп, хан дойбысының өзіндік ерекшелігі мен ойнау тәртібі таныстырылды. Ұлттық ойынның адамды ұшқыр ойлауға, зейінін шоғырландыруға, зеректігін арттырып, стратегиялық шешім қабылдауға баулитыны айтылды.
Қатысушылар хан дойбысына қызығушылықпен қатысып, өзара пікір алмасты. Ұлттық ойындарды дәріптеу, бос уақытты тиімді пайдалану және салауатты өмір салтын қалыптастыру жөнінде тағылымды әңгіме өрбіді.







