Еңбекпен өрілген өмір

  Белкөл кенті клубында орналасқан №14 кітапханада Сыр өңірінің даңқын асқақтатқан, қазақтың әйгілі диқаншысы, екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Ыбырай Жақаевтың туғанына 135 жыл толуына орай «Еңбекпен өрілген өмір» атты танымдық сағат өтті.
  Ыбырай Жақаев – Сыр бойында күріш шаруашылығын дамытуға өлшеусіз үлес қосқан, маңдай тері мен қажырлы еңбегі арқылы елге үлгі болған бірегей тұлға. Ол қасиетті Сыр жерінің табиғатын терең танып, ақ күріштің бабын тауып, диқаншылықтың қыр-сырын жетік меңгеріп, еселі еңбегімен ел құрметіне бөленді.
  Шараның мақсаты – кейінгі ұрпаққа Ыбырай Жақаевтың өнегелі өмір жолын насихаттау, еңбекқорлық пен төзімділіктің, еңбекпен жеткен жетістіктің қадірін ұғындыру. Сонымен қатар жастарды адал еңбек етуге, туған жерді қастерлеуге және еңбектің нәтижесін бағалай білуге тәрбиелеу.
  Шара барысында кітапхана оқырмандарына даңқты диқанның өмірі мен еңбек жолы туралы тағылымды мәліметтер беріліп, арнайы ұйымдастырылған кітап көрмесі таныстырылды.
26 тамыз 2026 ж. 26

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам