Домбыра-халқымыздың рухани мұрасы
Елбасымыз Н.Назарбаевтың жарлығымен шілденің бірінші жексенбісі Ұлттық домбыра күні болып белгіленіп, ұлтымыздың терең тамырлы мәдениеті асқақтап рухы көтерілді. Осыған орай № 6 кітапхана Қайрат Нұртас атындағы өнер мектебінде «Домбыра-халқымыздың рухани мұрасы» атты өнертану кеші №235 мектеп оқушылары, өнерлі жастардың қатысуымен өткізді. Халқымыздың рухани серігіне айналған домбыра туралы, қазақтың атақты күйшілері – Құрманғазы, Дина, Дәулеткерей т.б туралы айтылып, бейне роликтер көрсетілді. Домбыра туралы ақын жырлары жатқа оқылып, Құрманғазының «Кішкентай», «Балбырауын», Ә.Желдібаевтың «Ерке сылқым» күйлері орындалып, ұстаз Л.Қалдыбек шәкірттерімен бірнеше күйден попурриді күмбірлетті.







