» » Қоғамдық диалог: халық пікірі – ел дамуының негізі

Қоғамдық диалог: халық пікірі – ел дамуының негізі

  №16 кітапхана «Қоғамдық диалог: халық пікірі – ел дамуының негізі» атты ашық пікір алмасу өткізді. Шараға кітапхана оқырмандары, жастар қатысты.
  Қазіргі кезеңде ашық диалогтың маңыздылығы ерекше. Ашық пікір алмасу билік пен халық арасында сенім орнатып, өзекті мәселелерді шешуге жол ашады. Осы орайда ұйымдастырылған шара барысында кітапханашы Ш. Күлмағанбетова Құрылтай, оның  тарихы туралы мәліметтер беріп, қатысушыларды  еркін форматта пікір алмасуға шақырды.  Кітапхананың белсенді оқырмандары Т.Шаринова, А.Қаратаева, Ш.Ахметбеков медицина,  білім, жастардың әскерге барудан бас тартуы,  гаджеттерге тәуелділік, кітап  оқу мәдениетін қалыптастыру  жайлы өзекті мәселелерді талқылап, өз ой-пікірлерін ортаға салды.
  Шараның мақсаты –  оқырмандардың өз ойын, пікірін  ашық айтып,  ел дамуындағы мәселелерге жауапкершілікпен қарауға баулу.
26 тамыз 2026 ж. 31

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам