Бір суреті – бір әлем
№257 мектептің «Ауыл Life» жазғы тынығу лагерінде «Сұңқар» тобының балалары және тәрбиешісі Молдабек Айданың қатысумен Қазақтың белгілі суретшісі, Қазақтың еңбек сіңірген қайраткері Ағымсалы Дүзелхановтың 75 жылдығына арналған «Бір суреті – бір әлем» атты шығармашылық-өнертану сағаты болып өтті.
Шараның мақсаты – жасөспірімдерге Ағымсалы Дүзелхановтың өмір жолы мен өнердегі өзіндік қолтаңбасы жөнінде мағлұмат беру. Сурет өнеріне қызығушылығын арттыру арқылы балалардың эстетикалық талғамын қалыптастыру, қиялын еркін жеткізуге мүмкіндік жасау және шығармашылық ізденісін қолдау.
Шара барысында балалар танымал суретшінің туындыларын тамашалап, оның шығармашылығы туралы қызықты деректермен танысты. Сонымен қатар өздері бейнелеген аңыз адамдардың суреттерін таныстырып, шығармашылық қабілеттерін көрсетті.
Шара соңында балалар сурет өнерінің адам өміріндегі маңызы туралы ой бөлісіп, бейнелеу өнеріне деген қызығушылығын арттырды.







