Қазақ мектебінің тарихы
№20 кітапханада қазақтың тұңғыш педагог-ағартушысы Ыбырай Алтынсариннің 185 жылдығына орай «Қазақ мектебінің тарихы» атты танымдық сағат болып өтті.
Шараның мақсаты - қазақ даласында білім мен ғылымның шамын жаққан ұлы ұстаздың өмірі мен ағартушылық қызметін, қазақ мектебінің қалыптасуы мен дамуындағы өлшеусіз еңбегін насихаттау.
Шара барысында кітапхана оқырмандары ұлы ағартушының өмірі мен шығармашылығымен танысып, оның тәрбиелік мәні зор шағын әңгімелерін оқып, өзара ой бөлісті.







