Кітапханаға жол – білімге бастар жол
1 қыркүйек – Білім күніне орай №8 кітапханада «Кітапханаға жол – білімге бастар жол» атты ашық есік күні өткізілді.
Шараның мақсаты – оқырмандарды кітапхана қызметімен таныстыру, олардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, кітапхана мен оқырман арасындағы байланысты нығайту, сондай-ақ жас ұрпақты білімге, ізденіске және рухани құндылықтарды құрметтеуге баулу.
Шара барысында оқырмандар кітапхана тынысымен жақынырақ танысып, кітап қоры, кітапхананы пайдалану тәртібі және оқырмандарға ұсынылатын қызмет түрлері туралы мағлұмат алды. Кітап пен білімге байланысты шағын танымдық ойындар ұйымдастырылып, оқырмандар белсенділік танытты.
Шара соңында кітапхананың тұрақты кітап көрмелеріне шолу жасалып, ондағы әдебиеттердің мазмұны мен тақырыптық бағыттары таныстырылды. Оқырмандарға кітап көрмелеріндегі құнды әрі танымдық әдебиеттер ұсынылып, кітап оқудың адам дүниетанымын кеңейтіп, рухани дамуына ықпал ететіні айтылды.







