» » Кітап – білімнің, даналықтың қайнар көзі

Кітап – білімнің, даналықтың қайнар көзі

  1 қыркүйек – Білім күніне орай №13 балалар кітапханасында «Кітап – білімнің, даналықтың қайнар көзі» атты ашық есік күні ұйымдастырылды. Шараға Әбубәкір Тыныбаев атындағы №11 мектеп-лицейдің 3 және 4 сынып оқушылары мен сынып жетекшілері Байғабылова Жаңагүл, Парманқұлова Ханымкүл, Бөлекбаева Ләззат, Қулахметова Гауһар қатысты.
  Шараның мақсаты – Білім күнінің маңызын жас ұрпаққа түсіндіру, оқушылардың білімге деген құштарлығын арттыру, кітап оқуға қызығушылығын ояту, кітапхананың мүмкіндіктерімен таныстыру және жаңа оқырмандарды кітапханаға тарту.
  Шара барысында оқушыларға кітапхана қорындағы жаңа әдебиеттер таныстырылып, тұрақты кітап көрмелеріне шолу жасалды. Атап айтқанда, «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында жыл таңдауы болып белгіленген қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, халық жазушысы Қабдеш Жұмаділовтің шығармалары, сондай-ақ «Мерейтой иелері», «Балаларға базарлық», «Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы», «Жасай бер, мәңгі Қазақстан», «100 кітап – Ұлт таңдауы» атты мазмұнды кітап көрмелері оқушылардың ерекше қызығушылығын тудырды. 
  Көрме сөрелерінен тарихи-танымдық әдебиеттер, бабалардан қалған асыл сөздер, жаңадан келіп түскен кітаптар мен мерзімді басылымдар орын алды.
  Балалар кітапхананың пайдалану ережелерімен, жүйелік және әліпбилік каталогтардың жұмысымен танысып, кітап әлемінің қызықты қырларына үңілді. Жаңа кітаптарды тамашалап, өздеріне ұнаған шығармаларды таңдап, кітапханаға деген қызығушылығын арттыра түсті. Кітапхананың белсенді оқырмандары Нұрлыбекова Алтынай, Елшыбай Айлуна, Арманұлы Нұрислам, Үсенбай Арсен, Оразалы Айбар ертегілерді мәнерлеп дауыстап оқып, өлеңдерді жатқа айтып, өз өнерлерін ортаға салды. 
 
01 қыркүйек 2026 ж. 22

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам