Кітап – білім ордасы
№14 кітапханада 1 қыркүйек – Білім күні аясында «Кітап – білім ордасы» атты ашық есік күні болып өтті.
Іс-шара барысында білімнің адам өмірі мен қоғам дамуындағы маңызы кеңінен айтылып, кітаптың білім мен рухани ізденістегі орнына ерекше назар аударылды. Оқушылар жаңа оқу жылына тың серпінмен қадам басып, өз білімдерін жетілдірудің, ізденудің және қабілеттерін дамытудың маңызын түсінді.
Шараның мақсаты – білімнің адам өміріндегі және қоғам дамуындағы маңызын түсіндіру, жаңа оқу жылына жағымды көңіл күй қалыптастыру. Сонымен қатар оқушылар мен студенттерді сапалы білім алуға, үздіксіз ізденуге, өз қабілеттерін дамытуға ынталандыру.
Шараға №189 мектептің 7 сынып оқушылары мен кітапхана оқырмандары қатысып, кітапхана тынысымен танысып, білім мен кітаптың адам өміріндегі баға жетпес құндылығы жөнінде ой бөлісті.







