Құрылтай және Қазақстанның жарқын болашағы
№4 кітапханада «Құрылтай және Қазақстанның жарқын болашағы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, әдебиеттерге библиографиялық шолу жасалды.
Мақсаты – оқырмандарға Ұлттық құрылтайдың ел өміріндегі маңызын таныстыру, Қазақстанның тарихи дамуы, ұлттық құндылықтар, ел бірлігі, қоғамдық келісім, білім мен мәдениет, жастар тәрбиесі және Қазақстанның болашағына қатысты әдебиеттерді насихаттау.
Шара барысында қазақ халқының дәстүрлі құрылтай ұғымы, оның елдік мәселелерді шешудегі тарихи орны және қазіргі Ұлттық құрылтайдың қоғамдық маңызы туралы, еліміздің әлеуметтік-экономикалық және рухани дамуы, заң мен тәртіп, ұлттық бірлік, отансүйгіштік, білімді ұрпақ қалыптастыру мәселелеріне тоқталды.
Көрмеге Қазақстан тарихына, тәуелсіздік жылдарындағы ел дамуына, мемлекет пен қоғамның өзара байланысына, ұлттық мәдениет пен әдебиетке арналған кітаптар, анықтамалықтар, мерзімді басылымдар және танымдық материалдар қойылды.







