Ел болашағы – ортақ міндет
№6 кітапхана И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық колледж студенттері арасында жастардың ел болашағына деген жауапкершілігін арттыру, патриоттық сезімін қалыптастыру және қоғамдық белсенділігін қолдау мақсатында «Ел болашағы – ортақ міндет» атты жастармен кездесу өтті.
Шара барысында кітапханашылар ел тарихы, ұлттық құндылықтар, отансүйгіштік және жастардың қоғамдағы рөлі туралы қысқаша мәлімет берді. Сонымен қатар жастарға кітап оқудың, білім ізденудің және тарихи мұраны құрметтеудің маңызы айтылды.
Кездесуде студенттер өз ой-пікірлерімен бөлісіп, ел дамуына жастардың қосар үлесі жөнінде пікір алмасты.
Елдің жарқын болашағы – білімді, отансүйгіш және жауапкершілігі мол жастардың қолында!







