«Қамқорлық» бағдарламасы
№8 кітапхана «Қамқорлық» бағдарламасы аясында кітапхана оқырманы Дәулетбаева Алтынкүл апайға кітапханалық қызмет көрсетілді.
Шараның мақсаты – ерекше қолдауды қажет ететін оқырмандардың рухани қажеттіліктерін қанағаттандыру, кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру және кітапхана қызметінің қолжетімділігін қамтамасыз ету.
Осы мақсатта Алтынкүл апайдың үйіне кітапхана қорына жаңадан келіп түскен көркем әдебиеттер, танымдық кітаптар мен мерзімді басылымдар жеткізілді. Оқырманға жаңа әдебиеттер таныстырылып, олардың мазмұны мен тақырыптық бағыттары жөнінде қысқаша ақпарат берілді.







