Білім – өмір шырағы
№12 кітапханада 1 қыркүйек – Білім білім күні аясында «Білім – өмір шырағы» атты ашық есік күні ұйымдастырылды.
Аталағ шараға Орда жоғары колледжінің 2-курс студенттері қатысты. Студенттер кітапхананың әр бөлімінде ұйымдастырылған «Жаңа кітаптардың галереясы» атты екі тілдегі кітап көрмелерін тамашалап, жаңа әдебиеттермен жақын танысты. Сонымен қатар кітапхана қорындағы түрлі тақырыптағы көрмелерге шолу жасалып, кітапхана қызметі мен оның оқырмандарға ұсынатын мүмкіндіктері туралы мол мағлұмат берілді.
Шараның мақсаты – жастардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, кітапхананың тыныс-тіршілігі мен қызмет бағыттарын таныстыру, ақпараттық мүмкіндіктерін насихаттау.







