Сөз маржаны – ұлт қазынасы
№6 кітапхана 5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күніне орай Қ.Қаракөзов атындағы №235 мектеп-гимназиясының 10 сынып оқушыларының қатысуымен «Сөз маржаны – ұлт қазынасы» атты әдеби оқу өтті.
Іс-шараның мақсаты – оқушыларға ана тілінің қадір-қасиетін ұғындыру, мемлекеттік тілге деген құрметін арттыру, көркем әдебиетті оқуға қызығушылығын қалыптастыру және ұлттық құндылықтарды дәріптеу.
Шара барысында оқушылар қазақ әдебиетінің көрнекті шығармаларынан үзінділер оқып, мәнерлеп оқу шеберліктерін көрсетті. Тілдің ұлт мәдениеті мен руханиятындағы маңызы туралы ой бөлісіп, ана тілінің байлығы мен көркемдігін насихаттады.
Сонымен қатар, оқушылардың назарын кітап оқуға аудару мақсатында арнайы кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде қазақ әдебиетінің таңдаулы шығармалары, тіл біліміне арналған әдебиеттер мен ақын-жазушылардың еңбектеріне библиографиялық шолу жасалды.







