Тіл халық жаның танудың кілті
4 қыркүйек күні №3 кітапханада М.Ералиева атындағы мәдениет үйімен бірлесіп «Адал адам» мәдени-тәрбиелік орталығының «Әлем-воок» бағыты аясында Қазақстан халқы тілдері күніне орай «Тіл халық жаның танудың кілті» атты әдеби калейдаскоп өткізді. Шараға Ә.Молдағұлова атындағы №173 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Амангелдиева Аида қатысып ана тілінің маңызы туралы кеңінен түсіндірді.
Шара барысында М.Ералиева атындағы мәдениет үйінің көркем сөз үйірмесінің өнерпаздары мен кітапхана оқырмандары белгілі ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Қазақ тілі», Ғафу Қайырбековтың «Ана тілі», Оразақын Асқардың «Үйрен ана тіліңді» атты өлеңдерін, сондай-ақ жергілікті жас ақындардың тіл тақырыбындағы шығармаларын мәнерлеп оқыды.
№3 кітапхананың қызметкері Жакенова Жанар «Тіл тұғыры – ұлт ғұмыры» атты кітап көрмесімен таныстырып, шолу жасады. Әбиірбек Тінәлінің «Анамның тілі» әні және Бек Сейттің сөзіне жазылған «Қазақстаным» әні орындалып, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.







