Бірлік. Белсенділік. Болашақ
№18 кітапханада №197 мектеп қызметкерлерінің қатысуымен «Бірлік. Белсенділік. Болашақ» атты танымдық сағат болып өтті.
Шараның мақсаты – Құрылтай сайлауы туралы жан-жақты мағлұмат беру, азаматтық белсенділікті арттыру, ел болашағына бейжай қарамауға үндеу және қоғамдағы өзекті мәселелерге жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.
Шара барысында қатысушыларға Құрылтай сайлауының маңызы, оның ел өміріндегі орны және азаматтардың қоғамдық-саяси үдерістерге белсенді қатысуының мәні туралы кеңінен ақпарат берілді. Сондай-ақ еліміздегі конституциялық реформалардың заңды жалғасы ретінде өткізілген сайлаудың негізгі бағыттары мен ерекшеліктері түсіндірілді. Сонымен қатар бірлік пен қоғамдық келісімнің, белсенді азаматтық ұстанымның және мемлекетшілдік құндылықтардың маңызына ерекше назар аударылды. Жастар мен қоғам мүшелерінің ел дамуына өз үлесін қосуы, Отанға адал қызмет етуі және ұлттық құндылықтарды дәріптеу жөнінде ой-пікірлер айтылды.







