Әлем таныған Нұр-Сұлтан
№4 кітапханада №253 мектептің жазғы лагерь оқушыларының қатысуымен «Әлем таныған Нұр-Сұлтан» атты викториналық көрме ұйымдастырылды. Көрмеге Қазақстан Республикасының бас қаласы туралы энциклопедиялар, ғылыми оқулықтар, фото-алббомдар мен әдеби кітаптар қойылып, Нұр-Сұлтан қаласының тарихынан, мәдени орындары мен ғимараттарынан оқушыларға мағлұмат берілді. Балалар да өз кезегінде елордамыз жайлы, , онда жасаған қызықты саяхаттарымен бөлісіп , викториналық сұрақтарға кезекпен жауап берді.. Іс-шарамызды қорытындылай отырып, балаларға қосымша логикалық тапсырмалар да берілді. Оқушыларымыздың ұшқыр ойы мен белсенділігінің арқасында барлығы жоғары деңгейде өтті.







