Даналық сөзден дән ізде
5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні аясында №9 кітапханада «Даналық сөзден дән ізде» атты мақал-мәтелдер сайысы өтті. Шараға №218 мектептің оқушылары қатысып, «Көшбасшылар», «Қырандар», «Сұңқар» атты үш топқа бөлініп, білімдері мен тапқырлықтарын ортаға салды.
Шараның мақсаты – қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан рухани мұрасы – мақал-мәтелдерді кеңінен насихаттау, жас ұрпақтың ана тіліне деген құрметін арттыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу. Сонымен қатар оқушылардың сөздік қорын молайтып, ойлау қабілетін, тапқырлығы мен шапшаңдығын дамыту.
Сайыс барысында «Мақалды жалғастыр», «Мақалдың мағынасын тап», «Кім көп біледі?», «Мақал – сөздің мәйегі» кезеңдері бойынша қызықты тапсырмалар орындалып, оқушылар халық даналығының терең мағынасын ашуға тырысты. Сайыс қорытындысында
І орынды – «Көшбасшылар» тобы. ІІ орынды – «Қырандар» тобы. ІІІ орын – «Сұңқар» тобы иеленді.
Тағылымды сайыс барысында оқушылар мақал-мәтел – ұлттың рухани қазынасы, халық даналығының асыл мұрасы екенін танып, ана тіліне деген құрметін арттырды.







