Менің сенімді досым – туған тілім
5 қыркүйек – Тіл мерекесіне орай№13 балалар кітапханасында «Менің сенімді досым – туған тілім» атты ленгвистикалық ойын ұйымдастырылды. Шараға Әбубәкір Тыныбаев атындағы №11 мектеп-лицейдің 5 г сынып оқушылары мен сынып жетекшісі Садықова Жанна Алдабайқызы қатысты.
Шараның мақсаты: Оқушылардың туған тілге деген сүйіспеншілігін арттыру, қазақ тілінің байлығын дәріптеу, сөздік қорын молайту, сауатты сөйлеуге және топпен жұмыс жасауға баулу.
Қазақстан халқы тілдер күніне орай оқырмандар арасында «Менің сенімді досым – туған тілім» атты тақырыбында ленгвистикалық ойын ұйымдастырылды. Шара барысында оқырмандардың тілдік білімін жетілдіруге бағытталған түрлі қызықты тапсырмалар мен ойындар өткізілді.
Іс-шара барысында «Жұмбақтар», «Мақал-мәтелдер», «Сөз сандығы ойыны»ұйымдастырылып, оқушылар өз білімдері мен тапқырлықтарын ортаға салды. Оқырмандар барлық кезеңдерге белсене қатысып, қойылған сұрақтарға жауап беріп, өзара жарыса отырып, тіл байлықтарын көрсете білді. Ойын барысында Әзілхан Нұршайық пен Қайырбекқызы Алуа өздерінің алғырлығымен шапшаң жауаптарымен ерекшеленді. Шара соңында сынып жетекшісі оқушыларға Қазақстан халқы тілдерінің мңызын түсіндіріп, ана тілін құрметтеу, өзге тілдерді үйрену – әр азаматтың міндеті екенін атап өтті. Сонымен қатар оқушыларды білімдерін арттыру үшін кітапті көп оқуға, кітаппен дос болуға шақырды.







