«Кітапхана шекарасыз аумақ»
А.С.Пушкин атындағы орталық кітапхана «Кітапхана шекарасыз аумақ» атты ашық есік күнін ұйымдастырып, кітап сүйер қауымды кітапхана жұмысымен таныстырды.
Шараның мақсаты – кітапхана туралы ақпарат беру, кітапханаға оқырман тарту.
Ашық есік күніне Қызылорда облыстық күзет басқармасының қызметкерлері қатысып, кітапхана қорының мүмкіндіктері туралы мағлұмат алып, дәстүрлі және электронды каталог, кітап көрмелерімен танысып, кітапхананы қоғамның мәдени өмірінің маңызды бөлігіне айналдыратын рухани қазына екенін білді.







