» » «Менің сенімді досым – туған тілім»

«Менің сенімді досым – туған тілім»

 Қазақстан халқының тілдері күніне орай №14 кітапхана Белкөл кенті клубымен бірлесіп, «Менің сенімді досым – туған тілім» атты лингвистикалық ойын ұйымдастырды.
 Тағылымды шараға №189 мектептің оқушылары мен кітапхана оқырмандары қатысып, ана тіліне деген сүйіспеншіліктерін білімдері мен тапқырлықтары арқылы танытты.
 Шараның мақсаты – қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан рухани мұрасын дәріптеу, жас ұрпақтың ана тіліне деген құрметін арттыру, сөздік қорын байыту, ойлау қабілеті мен тілдік сауаттылығын дамыту.
Ойын барысында оқушылар мақал-мәтелдерді жалғастырып, тіл туралы жұмбақтардың шешімін тауып, өз білімдерін ортаға салды. Сонымен қатар тілдің адам өміріндегі маңызы, ана тілін ардақтау және мемлекеттік тілдің мәртебесі жөнінде мазмұнды әңгіме өрбіді.
Шара соңында қатысушыларға кітапханадағы тіл тақырыбына арналған кітап көрмесі таныстырылып, рухани қазынамызды кітап арқылы тереңірек тануға шақырылды. 
07 қыркүйек 2026 ж. 16

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам