«Суицидке жол жоқ!»

 8 қыркүйек күні №3 кітапханада жасөспірімдер арасында суицидтің алдын алу, өмірдің құндылығын насихаттау және психологиялық қолдау көрсету мақсатында «Суицидке жол жоқ!» тақырыбында кездесу кеші болып өтті. Кешке Әлия Молдағұлова атындағы №173 орта мектептің психологі Искакова Гүлназ Тынымбайқызы қатысып, жасөспірімдерге психологиялық қолдау көрсетті.
 Шара барысында маман қиын жағдайларда көмек сұраудың маңыздылығын түсіндіріп, жағымсыз жағдайлардың алдын алу, қиындықтарды жеңу, өз сезімдерін дұрыс басқару және өмірлік қиындықтардан тиімді шығу жолдары туралы пайдалы ақпараттармен бөлісті. Сонымен қатар, тақырыпқа сай «Өмір – баға жетпес құндылық» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге өмірдің мәні, адамгершілік құндылықтар, психологиялық қолдау және жасөспірімдердің тұлғалық дамуына арналған әдебиеттер қойылып, қатысушыларға таныстырылды.
 Кездесу барысында жасөспірімдер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, маманмен еркін пікір алмасты.
08 қыркүйек 2026 ж. 10

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам