«Бақытты отбасы – ел бақыты»
№4 кітапханада Отбасы күніне орай «Бақытты отбасы – ел бақыты» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Кітап көрмесінің мақсаты – отбасының қоғамдағы маңызын насихаттау, отбасылық құндылықтарды дәріптеу, ата-анаға деген құрметті арттыру, бала тәрбиесіне көңіл бөлу және оқырмандарды отбасы тақырыбындағы әдебиеттермен таныстыру.
Көрмеге отбасы тәрбиесі, ата-ана мен бала қарым-қатынасы, ұлттық салт-дәстүр, адамгершілік пен рухани құндылықтар туралы кітаптар, мерзімді басылымдар және нақыл сөздер қойылды.
Іс-шара барысында кітапханашы отбасы – әр адамның өміріндегі ең қымбат құндылық екеніне тоқталып, «Отан – отбасынан басталады», «Бірлік бар жерде – тірлік бар» сияқты халық даналығының мәнін түсіндірді. Сондықтан отбасылық құндылықтарды сақтау және кейінгі ұрпаққа жеткізу – баршамыздың ортақ міндетіміз.







