«Ана тілім – баға жетпес байлығым»
Қазақстан халқы тілдері күніне орай №15 кітапхана, Талсуат ауылдық мәдениет үйі және №178 орта мектебінің бірлесіп ұйымдастыруымен «Ана тілім – баға жетпес байлығым» атты тақырыптық кеш болып өтті.
Шараның мақсаты – ана тілінің қадір-қасиетін дәріптеу, қазақ тілінің мәртебесін көтеру, жас ұрпақты туған тілін құрметтеуге, оны қадірлеуге және тіл байлығын сақтауға тәрбиелеу.
Шара барысында қазақ тілінің тарихы мен маңызы туралы мағлұмат беріліп, ана тіліне арналған өлең-тақпақтар оқылды. Қазақтың ұлттық күйлері орындалып, көркем сөз үйірмесінің оқырмандары өз өнерлерін ортаға салды. Сонымен қатар қазақ тілінің байлығы мен қолданыстан шығып қалған көне сөздер туралы қызықты мәліметтер айтылып, қатысушылардың тілге деген қызығушылығы артты.







