«Абылай хан – тарихи тұлға»
№12 кітапхана қазақ тарихындағы көрнекті мемлекет қайраткері, ұлы хан Абылай ханның өмірі мен тарихи қызметін жас ұрпаққа кеңінен таныстыру мақсатында «Абылай хан – тарихи тұлға» атты тарихи-танымдық сағатын өтті. Шараға С.Толыбеков атындағы №3 ІТ мектеп-лицейінің 5 сынып оқушылары қатысты.
Шара барысында оқушылар Абылай ханның ел тарихындағы айрықша орны, қазақ мемлекеттілігін нығайтудағы еңбегі, үш жүздің басын біріктірудегі саяси қызметі және елдің бірлігі мен жерінің тұтастығын сақтаудағы қажырлы күресі туралы мол мағлұмат алды.
Жас оқырмандардың тарихи білімін тереңдету мақсатында «Тарихты таны» атты сұрақ-жауап ұйымдастырылып, оқушылар Абылай ханның өмірі мен қызметіне қатысты өз білімдерін ортаға салып, белсенділік танытты.
Сонымен қатар тақырыпқа сай кітап көрмесі ұйымдастырылып, Абылай ханның өмірі мен тарихи тұлғасына арналған еңбектер, Қазақ хандығының тарихы, XVIII ғасырдағы тарихи оқиғалар туралы зерттеулер, энциклопедиялар мен танымдық әдебиеттер таныстырылды.







